Зерттеу жұмыстарына қан құрамында глюкозасы жоғары 30 бен 69 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер қатысқан. Соның нәтижесінде ғалымдар мынадай тоқтамға келеді: "Ораза антидиабеттік процедура саналады. Оны он жылға дейін үзбей ұстау қант диабеті мен жүректің ишемиялық ауруларынан ада болудың кепілі". Мұндай пікірді аталған университеттің жүрек қан-тамыр аурулары мен генетикалық эпидемиология бөлімінің директоры Бенджамин Хорн айтқан. Демек, ораза құлшылық не рухани тазару ғана емес, тәнге де төнген қауіптің басын қайтара алатын қабілетке ие екен.