«Бiр айға жалғасатын ұлық мереке - Рамазан айы биыл 28 маусымда басталады. 27 маусым күнi елордадағы барлық мешiттерде Тарауық намазы оқылады. Онда қариларымыз хатым құран түсiруге ниет бiлдiруде. Сондай-ақ Рамазан айында қала мешiттерi күн сайын мыңға тарта жамағатқа арнап ауызашар ұйымдастыратын болады», - дедi ол.
Мәселен, «Нұр Астана» мешiтi 300 кiсiге, «Әзiрет Сұлтан» мешiтi - 400, «С. Ғылмани» мешiтi - 150, «Төлебай» мешiтi - 30, «Шейх Кунта қажы» - 20, «Әс-Салам» - 20, Әл-ғани мешiтiнде 120 адамға арнап ауызашар дастарханы жайылмақ.
Имамның айтуынша, биыл пiтiр садақасы 200 теңге көлемiнде бекiтiлдi. Шiлденiң 23-нен 24-не қараған түн - Қасиеттi Қадыр түнi. 28 шiлде күнi - Ораза айт мейрамы. Астана қаласы бойынша Айт намазы 07:00-де оқылатын болады.