«Төтенше жағдайды ескере келе, мұндай жағдайда белгілі бір ағзаның зақымдануы, жаңа аурудың пайда болуы және аурудың асқыну қаупі күшейетініне білікті дәрігерлердің кеңесіне жүгінген жөн. Егер дәрігерлер асқыну қаупіне сенімді болса – ораза ұстамауға рұқсат етіледі. Коронавирус инфекциясы жағдайында да солай, ағза әлсіреп, ауру белгілері пайда болса – оразаны тоқтатып, басқа күні ораза қазасын өтеуге рұқсат етіледі», - дейді ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров.
13:55, 21 Сәуір 2020
Оразада иммунитет әлсіресе ауыз бекітуді тоқтату керек пе
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлсіздік белгілері пайда болса ораза тұтқан адам не істеуі керек? Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында бұл сұраққа дін мамандары жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.