Сотта анықталғандай, Ақтау қаласының тұрғыны Ш. «Дана» супермаркетінен «Орбит» сағызы салынған 3 қорапшаны ұрлап кеткен. Әр қорапшада 10 данадан, барлығы 30 сағыз болған. Осылайша ол жәбірленушіге 13 500 теңге шығын келтірген.
Істі қарау барысында тараптар бір-бірімен ымыраға келіп, татуласуына байланысты, қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды. Сотталған Ш. жәбірленушіге келтірген шығын көлемін қайтарды, ал, жәбірленуші оған кешірім берді.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.