АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан Қазақстан кубогы финалына шыққан алғашқы команда анықталды.
Мұндай мүмкіндікке шымкенттік «Ордабасы» командасы ие болды. Олар жартылай финалда Петропавлдың «Қызылжар» командасын қосымша кезеңде 1:0 есебімен сүріндірді. Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде 0:0 есебі тіркелген еді.
Енді 29 тамызда 19:00–де «Жеңіс» (Астана) пен «Тобыл» (Қостанай) ойнайды. Бірінші кездесуде қостанайлық клуб 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.
Биыл Қазақстан кубогына Премьер-лига, Бірінші және Екінші лигадан барлығы 30 команда қатысты. Алдымен Бірінші және Екінші лига командалары алғашқы іріктеу кезеңін өткізді.
Олардың арасынан іркілмей шыққан екі клуб 1/8 финалда Премьер-лига командалары қатарына қосылды.
Жеңімпаз 2026 жылы Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.