Футболшы ретінде Карел Герартс Бельгияның «Брюгге», «Стандард», «Локерен», «Лёвен» және «Шарлеруа» клубтарында ойын көрсеткен. Ел чемпионы атанып, кубок пен суперкубокты жеңіп алған. Бельгия ұлттық құрамасы сапында 20 матчта төрт гол соққан.
2019 жылы Герартс «Юнион Сент-Жиллуаз» клубының бапкерлер құрамына қосылды. Бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған кезеңде команда 48 жылдан кейін Бельгияның жоғары дивизионына қайта оралып, одан кейін ел чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.
2022 жылы Герартс «Юнионның» бас бапкері болып, Бельгия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ел кубогының жартылай финалына және UEFA.Еуропа лигасының ширек финалына дейін жетті.
«Юнионмен» қол жеткізген жетістіктерінің арқасында Герартс Бельгияның үздік бапкеріне жыл сайын табысталатын Раймон Гуталс атындағы сыйлығын жеңіп алды.
2023-2024 жылдары бельгиялық маман Германияның «Шальке 04» клубын жаттықтырды. «Ордабасыға» дейін Францияның «Реймс» командасын басқарып, 2025/26 жылғы маусымда ел кубогының ширек финалына дейін жетті.
Еске салсақ, «Ордабасы» футбол клубы мен бас бапкер Андрей Мартин өзара келісім бойынша еңбек шартын ұзартпау туралы шешім қабылдады.