«Ордабасының» Чемпиондар лигасындағы ықтимал қарсыласы кімдер

АСТАНА. KAZINFORM — Шымкенттің «Ордабасы» клубының футболдан UEFA Чемпиондар лигасындағы ықтимал қарсыластары анықталды.

Фото: instagram.com/fc__ordabasy

Шымкенттік клуб былтыр өз тарихында тұңғыш мәрте ел чемпионы атанды. Осы арқылы биыл Чемпиондар лигасына қатысуға мүмкіндік алды. 

Жеребе тарту рәсімінде «Ордабасы» «еленбеген» (несеяный) қатарында болады. Бұл рейтингі мықты қарсыластармен ойнайды дегенді білдіреді.

Себебі шымкенттік клубтың коэффициенті аз болып тұр.

Шымкенттік клуб іріктеу сатысын бірінші кезеңнен бастайды. 

«Ференцварош» (Венгрия)
«Карабах» (Әзербайжан)
«Слован» (Словакия)
«Лудогорец» (Болгария)
ХИК (Финляндия)
«Флора» (Эстония)
«Стяуа» (Румыния)
«Клаксвик» (Фарер аралдары)
«Шемрок Роверс» (Ирландия)
«Линкольн» (Гибралтар)
«Нью-Сейнтс» (Уэльс)
РФШ (Латвия)

Еске салсақ, ертең футболдан QFL Әйелдер лигасының ойындары басталады.