АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 16-турында «Ордабасы» турнир кестесінде көш басына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шымкенттік клуб өз алаңында Петропавлдың «Қызылжарын» 2:1 есебімен сүріндірді.
Кездесу барысында петропавлдық клубтан Максим Чиканчи 24-минутта есеп ашты. Оған екінші кезеңде «Ордабасы» сапынан Асхат Тағыберген 59, Еркебұлан Тұңғышбаев 92-минутта екі голмен жауап қайырды.
Осылайша «Ордабасы» турнир кестесінде 42 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. Нәтижесінде елордалық «Астанадан» үш ұпайға ұзап кетті.
Енді 23 шілдеде 18:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Каспий» (Ақтау), 19:00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Мақтарал» (Түркістан) ойнайды.
Бұл турды 21:00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) командалары түйіндейді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Жетісу» мен «Ақсу» 1:1 «Жетісу» мен «Ақсу» 0:0 еесбімен тең түссе, «Ақтөбе» «Қайсарды» 1:0 есебімен сүріндірді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.