Қауіпті індеттің өршуіне байланысты өңірде медициналық маскаға сұраныс артқаны белгілі. Осы ретте ауданда жаңадан қолға алынған қорда 31 мыңнан астам бетперде жинақталған.
Сонымен қатар, аудан бойынша әлеуметтік аз қамтылған 105 отбасыға бір айлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры таратылып берілген. Оған жергілікті халық қалаулылары мен кәсіпкерлер демеушілік жасады.
Аудан бойынша коронавирус дертіне байланысты 5 бағытта тәулік бойы жұмыс істейтін 5 санитарлық бекет орнатылып, онда полиция мен денсаулық сақтау мамандары тәулік бойы тексеруде.