«Ордабасы» командасы жаңа ойыншылармен толықты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің «Ордабасы» командасы жаңа ойыншылармен толықты. Бұл туралы команданың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа маусымға дайындығын күшейткен команда сапына бірқатар футболшылар қосылды. Атап айтқанда, орталық қорғанысты шабуылға байланыстыратын Хрвое Спахия құрама сапына алынды. Бойы 190 см тартатын бойшаң  жігіт бұған дейін Румыния чемпионатына қатысып осы елдің кубогын жеңіп алған. «Ордабасы»  командасына қабылданған тағы бір футболшыны жергілікті жанкүйер жақсы біледі. «Астана» сапында ойнаған Дидар Жалмұхан енді «Ордабасының» намысын қорғайды.   Командаға алдағы уақытта тек бір ғана шабуылшы алуы керек. Ол үшін жұмыстар жалғасуда», делінген ресми сайтта.

Айта кетейік, өткен жылы өз жанкүйерлеріне қола медаль сыйлаған «Ордабасы» командасының ойыншылары  айлап еңбекақыларын ала  алмай,  басқа клубтарға кетіп қалған болатын. Бұған дейін команданың футболшыларын  баптаған Алексей Петрушин қызметінен кетіп, оның орнына Болгария азаматы Георги Дерменджиев келген еді.

Фото: fcordabasy.kz