“Ордабасы” мен «Терек» футбол клубтары арасындағы кездесу 0:1 есебімен аяқталды

АЛМАТЫ. 30 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Футболдан Түркияның Анталия қаласында Шешен Республикасының тұңғыш Президенті Ахмат Қадыровтың кубогы үшін халықаралық турнир өтіп жатыр.

 Ол 28 қаңтарда  «Б» тобындағы командалардан  Польшаның Варшава қаласының  «Полония»  мен Өзбекстанның Ташкент қаласының  «Пахтакор»  командаларының кездесуімен ашылған болатын. Онда 2:1 есебімен  поляк аяқдопшылары жеңіске жетті.  "А" тобында өнер көрсеткен  Шымкенттің «Ордабасы» клубы Грозный қаласының  "Терек" командасынан 0:1 есебімен ұтылып қалды. Бүгін олар енді румын ("Рапид") аяқдопшыларымен күш сынаспақ. Румындықтар алғашқы кездесуде латвиялықтарды («Даугава»),  украиндар («Металлис»)  әзірбайжандарды ( «Нефтчи»)  3:1 есебімен ұтты.