Осы жұптың алғашқы ойыны шілденің 5-і күні Сербияда өткен еді. Сол кезде «Ордабасының» футболшылары «Ягодинаны» 1:0 есебімен жеңген. Бұл жолғы кездесуде есеп ашылмаса да, бұған дейінгі жеңістің арқасында «Ордабасы» УЕФА Еуропа лигасының іріктеу матчтарының екінші айналымына өтті. Оның келесі қарсыласы «Русенборг» (Норвегия) - «Крузейдерс» (Солтүстік Ирландия) арасындағы ойында анықталады.
08:58, 13 Шілде 2012
«Ордабасы» сербиялық «Ягодинамен» тең түсіп, Еуропа лигасының екінші айналымына шықты
АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - УЕФА Еуропа лигасының іріктеу матчтары аясындағы кешегі ойында Қазақстанның «Ордабасы» командасы сербиялық «Ягодинамен» тең түсті.