«Ордабасы» сырт алаңда чехтармен тең түсті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дәл қазір Чехияда UEFA Еуропа лигасының екінші іріктеу сатысы аясында Шымкенттің «Ордабасы» командасы мен жергілікті «Млада-Болеслав» клубы арасындағы кездесу аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Млада-Болеслав» командасы 1902 жылы құрылған. Өткенғасырдың тоқсаныншы жылдарына дейін аталмыш клуб жоғары жетістігімен көзге түсеқойған жоқ. Алдымен Чехославакияның, кейіннен Чехияның төменгі лигаларындасынға түсті. Ал 2004 жылы клубтың жаңа өмірі басталды деуге негіз бар. Сол жылы«Млада-Болеслав» Чехияның жоғары лигасындағы үздіктер қатарына қосылды. Ал2005/2006 жылғы кезеңде олар алғашқы жетістігіне қол созды. Чехияның жоғарылигасында екінші орын алды. Содан бері екі мәрте қола жүлдегер атанса, екімәрте кубокты төбесіне көтерді.

Бүгінгі кездесу тартысты өтті деуге негіз бар.Есепті алғаш болып «Ордабасы» командасы ашты. Біріншікезеңнің соңына таман алаң иелері таразы басын теңестіріп кетті. Осылайшабірінші кезең 1:1 есебімен тең аяқталды.

Екінші кезеңде ойын басынан шабуылшы Жоао Паолоалаңдағы орнын Алексей Щеткинге босатып беруге мәжбүр болды. Ал 72-минуттаКирилл Ковальчук Мерзад Механовичті алмастырды.

Екінші кезеңде де қос команда бір-бірінің қақпасымаңында жиі шабуылдап жатты. Оның бірінде ойыншылар мүлт жіберіп жатса, ендігібірінде екі команданың қақпашылары әбжілдік танытты. Алаң иелері алпысыншыминуттарда ерекше белсенділігімен көзге түсті. Дегенмен, шымкенттік футболшылар бұл сәттердеешбір абыржи қойған жоқ. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Қарымта кездесу 1 тамызда Шымкент қаласындаөткізіледі. Қос ойынның нәтижесімен жарыстың келесі сатысына жолдама алғанкоманда анықталады.

Естеріңізге сала кетелік, «Ордабасы» аталмыш турнирдің бірінші іріктеукезеңінде Грузияның «Торпедо» командасын ортажолда қалдырған болатын.

Үшінші іріктеу кезеңіне шыққан жағдайда «Ордабасы»Арменияның «Алашкерт» және Румынияның «Стяуа» жұбының қайжеңгенімен кездеседі.

Айта кетейік, осыуақытта UEFA Еуропа лигасы екінші іріктеу сатысында Алматының «Қайраты»Израильде жергілікті «Хапоэль» (Безр-Шева) командасымен кездесуінің екіншікезеңі өтіп жатыр. Әзірге алаң иелері 2:0 есебімен басымтүсуде.

Соңғы жаңалықтар