Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынхабарласып, ұлынан көз жазып қалғанын айтқан. Аудан сақшылары тез арада арнайытоп құрып, бүлдіршінді іздеуге аттанды. Тұрғындар арасында іздеу жүргізіп,көрген-білгендерден сұрастырады. Осылайша шұғыл жүргізілген іздестірушараларының нәтижесінде бала санаулы сағаттар ішінде табылды.
«Кейін белгілі болғандай, бүлдіршін аулаға ойнауғашыққан. Әкесі жұмыста, анасы үй шаруасымен айналысып жатқанда ойнап жүрген 4жасар бала өзге балаларға еріп кетіп, ақыр соңында адасып қалған. Көмекке дер кезінде келген сақшыларбаланы аман-есен тауып, үйіне жеткізді. Баласынан көз жазып қалған ата-ана тәртіпсақшыларына алғыс айтты» делінген хабарламада.
«Ұлым көршілердің балаларымен ойнапжүргендіктен еш алаңдамадым. Ас даяр болғанда шақырайын деп шықсам, балам да жоқ, көршілердіңбалары да көрінбейді. Не істерімді білмей бірінші әкесіне хабарластым, олжұмыстан тез арада келіп, екеулеп іздедік. Күн батып келе жатқан соң бірнәрсегеұшырап қала ма деп қаттыалаңдадық. Содан ақылдаса келе полицейлерге хабарласып, көмек сұрадық. Ұлым 4жаста болғандықтан тіліәлі толық шықпаған. Сөйлей алғанымен, тілі шала, кез келген адам түсіне бермейді. Оныңүстіне үйдің мекенжайын да білмейді. Аяқ астынан баламнан көз жазып қалып, қанжұтып өз-өзімді кінәлаған едім. Қараңғы түсем дегенше ұлымды аман-есен қолыма тапсырған полицияинспекторы, аға лейтенант СәкенСайлановқа аналық жүрегіммен алғысымды айтамын», - дейді ана.
Жалпы, жаз мезгілінде балалар жиі жоғалады. Демалыс кезіболғандықтан серуендеуге, суға шомылуға немесе үйіне айтпай туыстарының үйінекетіп қалатын жасөспірімдер саны артады. Ал, бүлдіршіндердің басым бөлігі ойнауғашығып немесе ата-анасымен қыдырып жүріп адасып қалуы мүмкін.