Орегонда ФБР ұлттық саябақта басып алынған ғимаратты қоршады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Орегон штатында ФБР қызметкерлері Малхир ұлттық қорығының басып алынған әкімшілік ғимаратын қоршауға алды.

Арнайы қызмет өкілдері қазір ғимаратта төрт адам бар деп болжап отыр: олармен келіссөздер жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Би-би-си.

Ғимараттағы адамдар Невада Ассамблеясының мүшесімен және евангелиялық уағызшымен кездесуді талап етті.

Қаруланған адамдар бұл ғимаратты федералдық үкіметпен бұрын болған жер құқықтары жөніндегі келіспеушіліктер салдарынан қаңтар айының басында басып алған.

Наразылықтың лидері - 40 жастағы Аммон Бандиді және оның бірқатар сыбайласын 27 қаңтарда жолда көлікті тексеру кезінде ұстады.