Бұл жаңалықты Kazakh Tourism Ұлттық компаниясының төрағасы Ержан Еркінбаев айтты.
Шығарылымның анонсы әлеуметтік желіде таралды. Алайда қашан эфирге шығары белгісіз.
«Барлық келісімге қол жеткіздік. Рұқсат алдық. «Орел и решка« түсірілім тобы тағы Қазақстанға келді. Бұл жолы камера обьективтерінде Алматы облысы болмақ. Олар ары қарай қайда барады, тауып көріңіздер?», – деп жазды Ержан Еркінбаев Instagram парақшасында.
Айта кету керек, «Орел и Решка» бағдарламасы соңғы рет Нұр-Сұлтан қаласында болған. Ол кездегі эфир жүргізушілері Анастасия Ивлеева мен Антон Птушкин еді.
2013 жылы түсірілім тобы Алматы қаласында болған. Ол кезде Анастасия Короткая мен Андрей Бедняков жүргізген.
«Орел и решка» — Украина телеарнасының саяхат туралы танымдық бағдарламасы.