«2022 жылы орфандық сырқаты бар балаларды емдеуге арналған дәрілік заттардың тізбесі кеңейтіледі, Осылайша, орфандық аурулар мен оларды емдеуге арналған дәрілік заттар тізбесіне 5 жаңа ауру және 19 жаңа дәрілік препарат енгізілді. Сонымен қатар, тіркелмеген дәрілік заттарды сатып алу мәселесі де шешімін табуда. Бұған дейін Кодекстің 246-бабына сәйкес, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қазақстандық ұлттық формулярға енгізілген дәрі-дәрмектер сатып алынуы мүмкін еді. Бұл тіркелмеген дәрілік заттарды жергілікті бюджет есебінен сатып алуды шектеді», - деп түсіндірді ведомство басшысы.
Осыған байланысты, министрлік «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске өзгерістер әзірлеген көрінеді
«Ол өзгерістер бойынша, Қазақстан ұлттық формулярында препараттардың міндетті түрде болуы жөніндегі норма алынып тасталды», - деді министр.