Органикалық ауыл шаруашылығын дамытудың жол картасы қайта келісуден өтті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Органикалық ауыл шаруашылығын дамытудың жол картасын қайта келісу рәсімі аяқталды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Асыл тұқымды мал басын әкелудісубсидиялау тетігін енгізу есебінен аналық табынды жаңарту жүзеге асырылады. Өзөндірісіміздің көлемін арттыруды ынталандыру үшін өткізу нарықтарын кеңейтужәне экспортты ұлғайтуды ынталандыру қажет. Министрлік ауыл шаруашылығышикізатының экспорты бойынша Қазақстан үшін негізгі елдерге өнімгеветеринарлық-санитарлық талаптарды шешу жөнінде келісу тұрғысында белсендіжұмыс жүргізуде. Қабылданған шаралар нәтижесінде ірі қара мал еті экспортыныңкөлемін 37 пайызға дейін, қой етін 32 пайызға дейін арттыруды жоспарлапотырмыз», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда,агроөнеркәсіп кешен өнімдері экспортының өсуін қазақстандық өнімніңбәсекелестік артықшылықтарын пайдалану арқылы арттыруға болады. Ал бұл оныңэкологиялық, сондай-ақ органикалық және халал өнімдерін өндіру, өңдеу менсертификаттау жүйесін жолға қою қажет.

«Органикалық өнім өндіру туралы заң2015 жылдың қараша айында қабылданды, бірақ әлі күнге дейін осы заңды іскеасыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жоқ. Министрлік мемлекеттік органдарменорганикалық ауыл шаруашылығын дамытудың жол картасын қайта келісу рәсімінаяқтады», - деді С. Омаров.

Сонымен қатар ол елімізде халалөнімдерін өндіру саласында заңнама жоқ екенін атап өтті.

«Қазіргі уақытта халал өнімдерінөндіруді дамытудың жол картасын келісу аяқталуда. Келесі аптада осы бойыншаАқпарат және қоғамдық даму министрлігінде кеңес өтеді», - деді ведомство басшысы.

Соңғы жаңалықтар