- Өткен жылдың талдауы қазақ тіліне деген қызығушылық артқанын көрсетті. Бұл бірінші кезекте аталмыш пәнді оқытудың жауапкершілігін көтеріп отыр. Алғашқы оң нәтижелер де бар.
Емтиханның басты мақсаты – қызығушылық пен үлгерім деп ойлаймын. Бұл емтихандар жалғаса береді, - деді министр.
Оның айтуынша, бұл емтиханның білім сапасына қалай әсер ететінін нақты анықтау үшін біраз уақыт керек.
- Биылғы емтихандардың қорытындысын көруіміз керек. Бәлкім 2-3 жыл өткеннен кейін дұрыс талдау жасалып, түбегейлі шешім қабылдайтын шығармыз, - деді Ғани Бейсембаев.
Министрліктің ресми дерегіне сүйенсек, биыл 1,7 млн оқушы қазақ тілі мен әдебиетінен емтихан тапсырады.