Жергілікті полиция өкілінің Twitter-дегі парақшасында «Құқық қорғау органдары оқиға орында жұмыстар жасап жатыр. Ол жалпы бақылауға алынды. Зардап шеккендер бар бар», - деп жазылған.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, кемінде 5 адам қаза тапқан. Оқ атқан қаскөйдің өзі де көз жұмған. Оқыс оқиға негізінен кеңселер орналасқан ғимаратта болды.
Атыстың себеп-салдары анықталу үстінде.