Орман ағаштарын заңсыз отайтын өңірлер белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдан бері Қазақстан аумағында орман ағаштарын заңсыз отаудың 433 оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Өстеміров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2016 жылыдң басынан Қазақстан аумағында 2 мың текше метр ораман ағаштарын заңсыз отаудың 433 оқиғасы тіркелді. Келтірілген шығын 26 млн. теңгені құрайды. Өткен жылы 19 мың текше метр заңсыз ағаш кесуге қатысты 669 оқиға тіркелген еді», - деді ол БАҚ өклідерінің сауалына орай.

Оның сөзіне қарағанда, орман ағаштарын заңсыз кесу деректері Оңтүстік және Шығыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарында  жиі тіркелген. Мәселен, Жамбыл облысында негізінен сексеуіл ағаштарын кесу жиі орын алады. Ал елімізде бұл ағаш түрін кесуге заңмен тыйым салынған.

«Құқық қорғау органдары тарапынан орман ағаштарын заңсыз кесуге қатысты 346 іс қозғалды. Сот тарапынан 2 әкімшілік, 197 қылмыстық іс қаралып, заң бұзушылардан 423 текше метр заңсыз кесілген отын тәркіленді. Сонымен қатар 31 көлік құралы мен ағаш кесуге арналған 59 құрал-жабдық алынды», - деді Қ.Өстеміров.