Орман ішіндегі иесіз қалған бассейнге құлаған бұлан құтқарылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұлан су толы химзауыттан қалған бассейнге құлап кеткен.Өздігінен шыға алмаған түз жануарын Свердлов облысының жануарлар әлемін қорғау департаментінің инспекторлары құтқарды.

Судан тек тұмсығы ғана көрініп жатқан жас бұланды Реж қаласының орманда қыдырыстап жүрген тұрғындары көріп қалған. Тұрғындар департаменттің мамандарын, олар өз кезегінде балықшылар мен аңшыларды көмекке шақырған.