Орман өрті Испанияның 50-ден астам өңірін шарпыды

Фото: Анадолы

АСТАНА. KAZINFORM — Төрт мыңнан астам адам эвакуацияланды, ондаған мың гектар орман өртке оранды, деп хабарлайды Анадолы.  

Испанияның солтүстігі мен оңтүстігінде елдің 50-ден астам өңірін қамтыған орман өрттері жалғасып жатыр.

Кастилия мен Леонда — 25, Галисияда — 14 және Астурияда 12 өрт тіркелді.

Оуренсе (Галисия), Леон және Саморв (Кастилия мен Леон), Сомедо (Астурия) және Пласенсия (Экстремадура) муниципалитеттерінде жағдай күрделі күйінде қалып отыр.

Галисияда 47 мың гектар орман өртеніп, күлге айналды. Мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Өртті сөндіруге Еуропалық Одақ ұсынған төтенше жағдайлар жөніндегі әскери бөлімдер мен ұшақтар жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, Еуропаның оңтүстігінде орман өрті өршіп тұр.