Орман өрті: Түркияда 50 мыңнан астам адам эвакуацияланды

АСТАНА. KAZINFORM – Хатай, Биледжик және Измир провинцияларындағы орман өртіне байланысты Түркияның 50 мыңнан астам тұрғыны қауіпсіз аймақтарға уақытша көшірілді. Бұл туралы бүгін Түркия ішкі істер министрі Али Ерликая мәлімдеді, деп хабарлайды AZƏRTAC .

Фото: Аzertag

Түркия ІІМ-не қарасты Төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) зардап шеккен тұрғындардың алғашқы қажеттіліктеріне 60 миллион лира бөлінгенін хабарлаған.

Өртті сөндіруге мыңдаған адам, сондай-ақ ұшақтар мен тікұшақтар жұмылдырылған.

Прокуратура өрттің шығу себептерін тергеп жатыр. Қамауға алынғандар бар.

Бұған дейін Түркияның солтүстік-батысында бірнеше күннің ішінде 150-ден астам өрт шығып, жүздеген адам қауіпсіз жерге көшірілгенін жаздық.