Орман өртеп өзін селфи-видеоға түсірген америкалық 20 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Уэйн Аллен Хантсмэн Калифорния орманын өртегені үшін 20 жылдға сотталды,оған 60 млн доллар айыппұл салынды. Бұл туралы ресейлік РБК агенттігі хабарлады.

Сотта қылмысқа айғақ ретінде оның өзі өрт қойған кезде түсіріп алған  видео-селфиі келтірілген. 

2014 жылы жазда Калифорнияның Эль-Дорадо маңындағы орман өрті кезінде 100 мың акр жердегі ағаштар отқа оранып, жүз мыңдаған адам эвакуацияланған. Алапат отты сөндіруге 27 күн кеткен.

Ер адам ұзақ уақыт қылмысын мойындамай келсе де 8 сәуірде сотта іске қатысы бар екендігін мәлімдеген.