ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Шымкентте қала күні мерекесін атап өту кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шымкент қаласы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында қала күні кейінге шегерілгендігі туралы хабарлама жарияланды. Жыл сайын 19 маусымда аталып өтетін аталған мерекені шымкенттіктер алдағы уақытта Республика күнімен қатар тойлайтын болады.
«Биыл Абай облысында орын алған орман өртіне байланысты Қала күніне жоспарланған мерекелік іс шараларды Республика күні қарсаңында өткізу жоспарлануда» делінген хабарламада.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.