Қазіргі уақытта бірнеше өңірде дауылды ескертулер жарияланып, алдағы күндері өрт қаупінің жоғары болуы мүмкіндігі болжануда. Осыған байланысты ТЖМ тәулік бойы өрт жағдайын мониторингілеп, орман алқаптары бар өңірлерде әуе кемелерінің кезекшілігін ұйымдастырды, ұшқышсыз ұшу аппараттарын жұмылдырды және өрт күзеттерін қойды.
ТЖМ азаматтарды дала және орман алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады: от жақпауға, қоқыс пен құрғақ шөпті өртемеуге, балаларға от пен сіріңкемен ойнаудың қауіптілігін түсіндіруге кеңес береді.
Ведомство өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.
- Өртті немесе түтінді байқаған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне дереу хабарласу қажет, - делінген ескертуде.
Айта кетейік, тауға баратын туристер ТЖМ-ге онлайн хабар бере алады.