Орманда адасқан саңырауқұлақ теруші төртінші тәулікте табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оренбург маңындағы орманда төрт тәулік бойы жоғалып кеткен саңырауқұлақ теруші табылды, деп хабарлайды сейсенбі күні ТАСС Оренбург облыстық ІІМ басқармасына сілтеме жасап.

«Оренбург полиция қызметкерлері жоғалып кеткен саңырауқұлақ терушінің қайда екенін анықтаған.  Қазіргі таңда ол ауруханаға жеткізілді», - деді ведомствода.

Полицияға таңертең қала тұрғыны хабарласып, Сакмара мен Жайық өзендерінің тоғысқан жерінде жоғалған саңырауқұлақ етерушіні кездейсоқ тауып алғанын айтқан.

60 жастағы ер адамды 6 қазан күнгі кештен бері іздеген. Ол немересімен бірге Оренбург ауданы Степановский ауылына жақын жердегі орманға саңырауқұлақ жинау үшін барады. Олар орманда бір-бірінен адасып қалады. Жоғалған жанды іздеуге 700 адам жұмылдырылған.