Ормандағы апаннан жаңа туылған қонжық табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Тверь облысының Удомельский ауданында орманда жаңа туылған қонжық табылды. Бұл туралы жергілікті тұрғын хабарлаған.

Оның айтуынша, иті ұрғашы аюды апанынан қуып шыққан соң, оның ішінен жаңа туылған қонжық табылған.

Мамандардың атап өтуінше, жарты сағат уақыт жалғыз қалған қонжыққа суық тиген.

Жануар Торопецкий ауданындағы Аюларды құтқару орталығына тапсырылып, одан кейін орманға қайта жіберіледі деп хабарлайды tvernews.