Орманшы мәртебесін көтеру мәселесі қаралып жатыр - Мағзұм Мырзағалиев
«Қиындығы мен сан-түрлі тәуекелдеріне қарамастан, еліміздің орман қорын сақтап, жаңғырту табанды еңбек етіп келе жатқан азаматтар қандай құрметке де лайық. Себебі орман кешені - экологиялық қауіпсіздіктің кепілі»,- деп жазды ол Twitter парақшасында.
Министр қазір орманшылар мәртебесін көтеру мәселесі қаралып жатқанынан хабардар етті.
«Орманшылар - баға жетпес ұлттық байлығымызды қорғап, келер ұрпаққа жеткізушілер. Олардың зор еңбегін ескере отырып, біздің министрлік орманшылар статусын көтеру мәселесін қарастырып жатыр. Жасыл табиғатты аялау - әрқайсымыздың міндетіміз. Сондықтан барлық ел азаматтарын орман қорына ұқыпты қарап, оны қорғаушыларға қолдау көрсетуге, жұмыстарын бағалауға шақырамын»,- деді Мағзұм Мырзағалиев.
Еске салайық, орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі 2017 жылы ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген.