Америкалық келіншек өрмекшілерден қорыққаны соншалық, үйінде бірнеше жерден өрт қойған. Абырой болғанда, үйден шыққан түтінді көрген көршілері дер кезінде өрт сөндірушілерді шақырып үлгерген.
Төтенше жағдай салдарынан жапа шеккендер жоқ. Алайда, 34 жасар келіншек заң алдында жауап беретін болады. Көршілері оны адамдардың өміріне қауіп төндірді деп айыптауда.