Әзірге шабуылға ұшыраған кемелердің қай елге тиесілі екені туралы ақпарат жарияланған жоқ.
Сондай-ақ Иранның оңтүстігіндегі Бендер-Аббас, Конарак, Чабахар қалалары мен Ларак аралында бірнеше жарылыс болды.
Жарылыстар зымыран соққылары салдарынан болған. Конаракта кемінде 4, ал Чабахар маңында шамамен 6 жарылыс тіркелген.
Айта кетейік, АҚШ пен Иран бір-біріне қайтадан шабуыл жасады.
Сонымен қатар Иран билігі Ормуз бұғазы арқылы кемелердің өтуі дәл қазір мүмкін емес екенін ескертті.