Мәлімдемеге сәйкес, ірі кемелердің бірі түнде бұғаздың оңтүстік бағытымен Оманға жақын маңда жүзіп бара жатқанда теңіз минасына жарылған.
Бұдан бөлек, Ормуз бұғазының шығыс бөлігінде аса ірі мұнай танкерінен өрт шыққан. Өртті сөндіруге көмектесу үшін кемеге жақындаған буксир де отқа оранған.
КСИР бұғаз маңынан Lucas үлгісіндегі екі ұшқышсыз ұшу аппараты табылып, қолға түскенін де хабарлады. Иран тарапының мәліметінше, бұл дрондарды АҚШ Иранның Shahed-136 соққы беретін ұшқышсыз аппараттарының көшірмесі негізінде жасаған.
Мәлімдемеде екі дронның да радиоэлектрондық күрес құралдарының көмегімен қауіпсіз түрде мәжбүрлі қондырылғаны айтылған.
Бұған дейін Қытайдың Иран және Сауд Арабиясымен Ормуз бұғазын ашу мәселесін талқылап жатқаны хабарланған еді.
Сондай-ақ Иран президенті Масуд Пезешкиан АҚШ-тың блокадасы мен шабуылдары тоқтаған жағдайда Ормуз бұғазын ашуға дайын екенін мәлімдеген.