UKMTO мәліметінше, Ормуз бұғазында жүк кемесіне шығу тегі белгісіз оқ-дәрімен шабуыл жасалған. Кемеде өрт шығып, кейін кеме басқарудан айырылып, дрейфке кеткен.
Экипаж мүшелері кемеден эвакуацияланды. Қоршаған ортаның ластанғаны туралы ақпарат түскен жоқ.
UKMTO бұл аймақтағы кемелерге сақтық шараларын күшейтіп, кез келген күдікті әрекет туралы хабарлауды ұсынды.
Шабуыл үшін әзірге ешкім жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.
Айта кетейік, Тегеран Ормуз бұғазын ашуға дайын екенін мәлімдеп, АҚШ-қа шарт қойды.
Бұған дейін Иран Ормуз бұғазы маңында арнайы бақылау аймағын құратыны туралы хабарлаған болатынбыз.