Ормуз бұғазында британ мұнай танкері ұсталды

Фото: None
ТЕГЕРАН. ҚазАқпарат – Ормуз бұғазында Ислам Республикасы сақшыларының корпусы халықаралық теңіз ережелерін бұзғаны үшін британдық танкердің ұсталғанын хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

Британиялық Stena Impero мұнай танкері жұма күні түндеХормозган провинциясының айлақ және теңіз ұйымының өтінішімен ұсталған. Оғанхалықаралық теңіз ережелерін бұзды деген айып тағылып отыр.

«Тиісті тексерулерді жүргізу үшін танкер жағалауғажеткізілді» делінген хабарламада.

BBC мәліметінше, Stena Impero танкері швециялық StenaBulk компаниясына тиесілі. Ол Сауд Арабиясына бет алған. Бортында экипаждың 23мүшесі бар.

Одан бөлек, Либерия туын қадап алған тағы бір кемеұсталған. Дегенмен, ирандықтар Mesdar кемесіндегі экипажға қауіпсіздік туралытүсіндірген соң қоя берген.

«Мен Иран билігінің екі кемені ұстағанын естіп, қаттыуайымдап отырмын», - деп мәлім етті Ұлыбритания ішкі істер министрі ДжеремиХант.

Ол төтенше жағдайлар жөніндегіүкіметтік комитеттің отырысында (COBRA) осы жағдайды талқылайтынын айтты.

Иран төңірегіндегі жағдай 13 маусым күні Оман шығанағында екі танкерге шабуылдан кейін жарылыс пен өрт тұтанғанда ушыға бастаған. АҚШ бұл жағдайға жауапкершілікті Иранға артты, оны Ұлыбритания мен Сауд Арабиясы қолдады. Тегеран бұл айыптауды жоққа шығарды.

Соңғы жаңалықтар