Атап айтқанда, кеше Алматы қаласының Түрксіб ауданында 2 пәтерлі тұрғын үйден өрт шығып, ол қасына салынып жатқан үйді шарпыды. Т120 шаршы метр аумақты қамтыған тілсіз жау 1 сағат 40 минутта сөндірілді. Өрт орнынан 80 жастағы кейуана мен бір азаматтың денесі табылды.
Атырау қаласында «Көктем» сауда орталығы өртенді. Соның салдарынан ғимараттың 2 және 3 қабаттары толығымен жанып кетті. Өрт 1728 шаршы метр аумақты шарпыған. Абырой болғанда зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Сонымен қатар осы облыстық Махамбет ауданында жеке тұрғын үй өртенді. Жарты сағатта сөндірілген өрт 2 шаршы метрге жайылған. Өрт орнынан 52 жастағы азаматтың денесі табылды.
Семейде 2 пәтерлі тұрғын үйден өрт шығып, араға 3 сағат уақыт салып барып сөндірілді. 40 шаршы метр аумаққа жайылған өрт орнынан бір адамның денесі табылды.