Ведомствоның ақпаратына сәйкес, бүгін таңға жақын Екібастұз қаласында 4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан. 6 шаршы метр аумақты шарпыған қызыл жалын орнынан 42 жастағы азаматтың мүрдесі табылған.
Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 5 маман мен 1техникасы және Екібастұз қалалық жедел құтқару отряды мемлекеттік мекемесінің 3 маманы мен 1 техникасы жұмылдырылды.