«Өрт қауіпсіздігі туралы» заң жетілдіріле түсті

АСТАНА. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат - «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жүйесін құру бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Мәжілістің жалпы отырысында екінші оқылымда талқыға түседі. Палатаның Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті осындай ұсыныс жасаған,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасын қабылдаудың мақсаты халықты, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкін қорғау деңгейін олардың қауіпсіздігінің жай-күйін бағалау саласына мемлекеттік бақылау органдарымен қатар тәуелсіз сараптама ұйымдарды қосу арқылы арттыру көзделуде. Сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы бақылау органдары жүзеге асыратын тексерулер санын қысқарту ессбінен қорғау нысандарына әкімшілік жүктемені азайту қарастырылған.