АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Алматы облысында өрт орта жастағы әйелдің өмірін қиды. Бұл ақпаратты еліміздің Төтенше жағдайлар миинстрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.
Ведомствоның хабарлауынша, Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Жандосов елді мекеніндегі саяжайдағы шағын үй өртенді. 56 шаршы метр аумақты шарпыған өрт орнынан 1958 жылы дүниеге келген әйелдің мүрдесі табылды.
Тілсіз жаудың алдын алуға ҚР ТЖМ Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 4 маманы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.