деп хабарлайды Associated Press.
50 шақырымға созылған өрт Марафон қаласына жақындап отыр. Екі көне ғибадатханаға жойылу қаупі төніп тұр. Соңғы тәулікте елде өрттің 20 жаңа ошағы тіркеліп, олардың жалпы саны 90-ға жетті.
Афины төңірегінде 12 мың гектардан астам орман өртеніп кетті. Күл болған үйлер мен жанып кеткен машиналардың саны да сағат сайын артып келеді.
Грек өрт сөндірушілеріне басқа елдерден көмекке келіп жатыр. Мысалы, Италия мен Франция Грекияға арнайы тікұшақтар мен ұшақтар жөнелтті.
Грекия президенті Каролос Папульяс қалыптасқан жағдайға байланысты, демалысын тоқтатуға мәжбүр болды. Жағдайды жаңбырдың жоқтығы мен тоқтамай тұрған жел ушықтырып отыр. Оған қоса, Грекияда ыстықтың беті қайтпай отыр - температура 35 градус шамасында.