Өрт салдарынан Атырау мен Зырянда 4 адам ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Атырау қаласында Раукүш кентінде кеше 23 сағат 36 минутта жеке үйде өрт шықты. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Жалын 00 сағат 14 минутте ауыздықталып, 00 сағат 35 минутта өшірілді. Төтенше оқиғаны жоюға ҚР ТЖМ Атырау облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 12 адамнан құралған жеке құрамы және 3 бірлік техникса жұмылдырылды.

Өрт аумағы 150 шаршыметрді құрады. Өрт салдарынан күйік шалған 36 жастағы ер адам, 37 жастағы әйел және 2 жасар бала ауруханаға жеткізілді.

Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласында 12 тамызда 13 сағат 42 минутта жеке тұрғын үй өртенді.

Өрт 14 сағат 10 минутта ауыздықталып, 15 сағат 15 минутта сөндірілді. Оны жоюға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 11 адамы мен 2 бірлік техника тартылды.

Өрт салдарынан күйік шалған егде әйел ауруханаға жатқызылды.