Сәрсенбі, 9 қаңтар күні Алматыдағы Сайран-1 шағынауданында орналасқан 4 қабатты тұрғын үйдің пәтерінде өрт болды.
Жалынды үйдің тұрғындары сөндірді. Өрт аумағы 0,5 шаршы метр аумақты құрады. ТЖ орнында 37 жастағы ер адам мен әйелдің жансыз денелері табылды.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қапланбек елді мекенінде Театральная көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үй өртенді. Жалын тілі 9 шаршы метр аумаққа тарады. Оқиға орнынан Өзбекстанның 49 жастағы азаматшасының мүрдесі табылды.
ТЖ-ды жоюға ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 5 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.