Өрт салдарынан екі ер адам мен жас әйел қаза тапты - ҚР ТЖМ
14:20, 06 Сәуір 2012
АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Өрт салдарынан екі ер адам мен жас әйел қаза тапты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Бейсенбі, 5 сәуір күні Алматы облысының Кеген ауылындағы Қорғасбай көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үй өртенді. Жалын тілі 2 шаршы метрді шарпыған. Оқиға орнынан 43 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД-нің өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылған.
Бейсенбі күні Семей қаласының Шұғаев көшесіндегі үйдің пәтері өртене бастаған. Өрт 3 шаршы метр аумақты шарпыды. 12 адам көшірілді, соның ішінде 5 бала болды. Оқиға орнынан 53 жастағы ер адам мен 29-дағы әйелдің мәйіттері табылды. Тілсіз жау ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД-нің өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 11 адамы және 2 техникасының көмегімен сөндірілді.