РТЖ компаниясы хабарлағандай, пойыз қозғалыстарының кестесіне шұғыл түзетулер енгізу шаралары, өртке байланысты темір жол қозғалысы мен жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігінен туындап отыр.
Қазіргі уақытта теміржолға жақын маңайда тұтанған өрт арнайы сөндіру пойыздары күшімен ауыздықталуда. Қалыптасқан осындай жағдайларға байланысты жолға шығатын жолаушылар мен күтіп алушылар пойыздардың келетін және жүретін уақыттарын алдын ала арнайы анықтамалардан сұрап-біліп алулары ұсынылды.