«Бұл жалған ақпарат. Қазіргі уақытта Шүлбі ГЭС-іне қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдай құзырлы органдардың бақылауында», - делінген әкімдік мәліметінде.
Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, жалған ақпарат таратқаны үшін бас бостандығынан айыруға дейін жауапкершілік қарастырылғанын естеріңізге саламыз. Біз азаматтарды дүрбелеңге түспей, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз.