Өрт шыққан шахтадан 17 кенші шыға алмай қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Шуанъяшань (солтүстік-шығыстағы Хэйлунцзян провинциясы) қаласындағы Dongrong компаниясының шахтасында кеншілер тобы - 17 адам қамалып қалды.

Бұл туралы Sina ақпарат порталы хабарлады.

Оқиға бейсенбі күні болған, кенжарда (забой) болған өрттен  256 шахтер құтқарылған, алайда 17 адам шахта лифтінде қалып қойған.

Қазіргі уақытта апат орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.