Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Әлем чемпионатында ҚР құрамасы үш рекорд орнатты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Чехия Республикасы Острава қаласында жастар арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстаннан 9 адамнан тұратын команда қатысты.

Олардың жартысы ШҚО тумалары: В. Мешков, Д. Снегирев, М. Романов, И. Ершов.

«3 рекорд, 3 қола, 1 күміс - бұл халықаралық чемпионаттағы біздің жастардың  барлық спорт тарихындағы шынымен үздік нәтижесі - деп атап өтті Қазақстан командасы құрамасының бапкері Михаил Филатов.

Жарысқа 9 ел қатысты, чемпионат 6 күнге созылды.

ТЖД бүгін хабарлағандай, үміт күттіретін мықты, келешегі зор спортшылардың бірі - ШҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің өрт сөндірушісі Дмитрий Снегирев. Кедергімен 10 метрлік жолақ кезеңінде күміс медальды қанжығаға салды. Ол спорттың осы түрінде Қазақстанның жаңа рекордын орнатып, абсолютті чемпион атанды.

Команда эстафетада да үздік нәтиже көрсетті. Республика спортшылары эстафета қашықтығында  57,49 секундта жүгіріп, республикада жаңа рекорд орнатты.

Павлодар облысынан спортшы, құраманың тағы бір қатысушысы Рахат Әнуарбек 2 қабаттағы терезеге саты арқылы нәтижелі көтеріліп, командаға қосымша ұпай қосты. Ол орта топта 7, 59 секундта жүгіріп, Қазақстанның жаңа рекордын орнатты.

Қазақстан құрамасының жалпы есебінде  үшінші орынға сенімді орналасу үшін 1 балл ғана жетпей қалды. Ресейліктерден бір ұпай ғана төмен болды. Екінші орында чемпионат иесі - Чехия Республикасының құрамасы орналасты. Алтын медальды Беларусь Республикасы еншіледі.