Өрт сөндіруші Аян Кемпіровтың отбасына ипотеканы өтеуге көмек көрсетілетін болады.
Сонымен қатар, Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтың отбасыларына жалпы сомасы 6 миллион теңге болатын несиелерін өтеуге көмектесу туралы шешім қабылданды.
Астаналық өрт сөндірушілер батылдық танытып, бірнеше адамның өмірін сақтап қалды.
А. Забикулиннің денсаулық жағдайы ауыр, екінші науқас - орташа дәрежеде деп танылды.
Айта кетейік, елордада көпқабатты үйде өрт болып, 3 адам, оның ішінде 1 бала ауруханаға түсті.Ал 3 адамды құтқарған астаналық өрт сөндіруші Асқар Забикулинді 80% күйік шалып, жансақтау бөлімінде жатыр. Сондай-ақ, оған достары көмек жинауда.Одан бөлек, Мемлекет басшысы ерлік көрсеткен және бірнеше адамның өмірін құтқарған елордалық өрт сөндірушілерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
Фото:ДЧС