Өрт сөндірушілер ойын-сауық мекемелерін тексерді - Қостанай облысы

None
ҚОСТАНАЙ. Желтоқсанның  26-сы.  ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ -  Төтенше жағдайлар   басқармасының     өрт  сөндіру   қызметтері Қостанай  облысында     184  дәмхана мен   түнгі клубты тексеріп  шықты. Мемлекеттік  өрт бақылау  басқармасының бастығы   Алмас Оспановтың   хабарлауынша,    тексеру  барысында   455   заңбұзушылық     факті анықталды.

Ойын-сауық  мекемелерінің  көбісінің  проблемасы   автоматтық    өрт дабылына қатысты -   не дабыл   жоқ,  не    жұмыс істемей  тұр.  Өрт сөндірушілер  сондай-ақ,      қосалқы   шығаберістердің   жағдайларын да тексерді.

Анықталған     фактілерді     қаңтардың 1-іне  дейін  жою  туралы    нұсқаулар       берілді,  65 кәсіпкерге 600 мың теңге  соманың   айыппұлдары салынды.