Өрт сөндірушілер 29 адамды құтқарып, 97 адамды эвакуациялады

Фото: ТЖМ

Бүгін Петропавлда өрт сөндірушілер Ж.Жабаев көшесіндегі 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің 5-қабатында орналасқан пәтерде болған өртті сөндірді. 

Өрттің ауданы 20 шаршы метр болды.

СҚО өрт сөндірушілері 97 адамды баспалдақпен эвакуациялап, жедел жұмыс жасады.

Сонымен қатар, 29 адам, оның ішінде 6 бала автокөлік сатысымен құтқарылды.

- Барлық тұрғын түтінді ғимараттан уақтылы шығарылғанның арқасында зардап шеккендер жоқ, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Айта кетелік құтқарушылар Бұқтырмада аударылған қайықтан адамдарды эвакуациялаған еді.